Қазақстандық нокаутер UFC турниріндегі тарихи айқас алдында америкалықпен көз арбасты (ВИДЕО)
Қазақстанның жеңіл салмақтағы аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс (10-0) The Ultimate Fighter 33 реалити-шоуының финалында қарсыласатын америкалық Джозеф Моралеспен (12-2)көз арбасу рәсімінен өтті.
sports.kz
UFC келісімшартына жол және тарихи мүмкіндік
Әліби Ыдырыс 16 тамызда (Қазақстан уақытымен 17 тамыздың таңында) АҚШ-тың Чикаго қаласында UFC-мен эксклюзивті келісімшарт үшін Джозеф Моралеске қарсы айқасады. Финал UFC 319 турнирі аясында өтеді, басты жекпе-жекте Хамзат Чимаев пен Дрикус дю Плесси октагонға шығады.
Бұл кездесу ММА Қазақстан тарихына енетіні анық — алғаш рет отандық спортшы TUF турнирінің финалында өнер көрсетеді.
Жартылай финал жолы
- Әліби Ыдырыс жартылай финалда венесуэлалық Ройберт Эчеверрианы нокаутпен жеңді.
- Джозеф Моралес болса, мексикалық Иманол Родригесті төрешілер шешімімен ұтты.
Қарсыластың қауіптілігі
Моралес – тұншықтыру әдістерінің шебері, UFC-де бұрын чемпионмен айқасқан тәжірибелі файтер. Сондықтан Әлібидің алдағы жекпе-жегі шынайы сынақ болмақ.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet