Шара Буллет пен Арман Царукян грэпплинг айқасы алдында көз арбасты
Әлеуметтік желіде UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде бірінші тұрған Арман Царукян мен UFC-дің орта салмақтағы ресейлік файтері Шарабутдин Магомедов (Шара Буллет) грэпплинг кездесуі алдында көз арбасқан сәті түсірілген видео тарады.
instagram/@hype.fighting
Қос танымал ММА өкілі арасындағы грэпплинг-схватка 30 желтоқсанда Арменияда өтеді. Айқас HYPE FC промоушенінің грэпплинг шоуы аясында ұйымдастырылады.
Айқас алдында спортшылар салмақ өлшеу рәсімінен де өткен:
- Арман Царукян таразыға сырт киіммен шығып, 84 кг көрсетті;
- Шарабутдин Магомедов та дәл сондай — 84 кг салмақ тіркеді.
Көз арбасу видеосы жанкүйерлер арасында қызу талқыланып, алдағы кездесудің интригасын одан әрі күшейтті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet