Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Жозе Моуриньюге қазақтың шапаны жабылды

Қазақстандық танымал тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым Мадридте португалиялық маманға қазақтың ұлттық дәстүрін таныстырып, ерекше сыйлықтар табыстады.

Жозе Моуриньюге қазақтың шапаны жабылды
ozgeris.info

Моуринью қазақстандық блогермен кездесті

Қазақстандық саяхатшы әрі блогер Дастан Мұхамедрахым Испания астанасы Мадридте әйгілі футбол маманы Жозе Моуриньюмен жүздесті. Блогердің айтуынша, бұл кездесудің ұйымдастырылуына оның әлеуметтік желідегі видеосы себеп болған.

Атап айтқанда, Coca-Cola компаниясының өкілі Дастанның жарияланымына назар аударып, оны Мадридке шақырған. Сонымен қатар блогерге Қазақстанда өндірілген сусынды өзімен бірге алып барып, Моуриньюге дәм татқызу ұсынылған.

Қазақтың ұлттық ойыны сыйға тартылды

Кездесу кезінде Дастан Мұхамедрахым әйгілі жаттықтырушымен әңгімелесіп, Қазақстанның мәдениеті мен ұлттық құндылықтары туралы айтып берді. Блогер португалиялық маманға қазақтың ұлттық киімі – шапан жауып, зияткерлік ойындардың бірі тоғызқұмалақты сыйға тартты. Осылайша қазақстандық саяхатшы әлемдік футболдың танымал тұлғасына қазақ халқының дәстүрін таныстыру мүмкіндігіне ие болды.

"Бұл мен үшін ұмытылмас сәт"

Дастан Мұхамедрахым ерекше кездесуден алған әсерін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Тағы бір ерекше жаңалық! Жақында ғана сіздерге Қазақстанның көпшілік біле бермейтін мақтан тұтар жетістіктерін көрсетіп жүрген едім. Ал бүгін, міне, аты аңызға айналған Жозе Моуриньюдің өзіне Қазақстан туралы айтып тұрмын. Мен үшін бұл – ерекше әрі ұмытылмас сәт", – деп жазды блогер.

Айта кетейік, Жозе Моуринью кәсіби мансабында "Порту", "Челси", "Интер", "Реал Мадрид", "Манчестер Юнайтед" және "Рома" секілді әйгілі клубтарды жаттықтырған.

Бұл туралы не ойлайсыз?