Асаубаева мен Синдаров шахмат Олимпиадасының медальдарын көрсетті
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының жүлделерін көрсеткен бейнежазба жариялады.
Видеода қандай медальдар көрсетілді?
Асаубаева Instagram парақшасына өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровпен бірге түскен видео жүктеді. Бейнежазбада қазақстандық шахматшы командалық сайыста алған күміс медалін, ал Синдаров Өзбекстан құрамасымен жеңіп алған алтын медалін көрсетеді. Асаубаева жазбасына алтын мен күміс медаль, шахмат және күшті білдіретін эмодзилер қосқан.
Асаубаева мен Синдаровтың нәтижесі
46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Асаубаева Қазақстан әйелдер құрамасының бірінші тақтасында 10 партия өткізіп, 6,5 ұпай жинады. Қазақстан құрамасы турнирді күміс жүлдемен аяқтады.
Синдаров Өзбекстан ерлер құрамасының екінші тақтасында 10 партиядан 7 ұпай жинады. Ол командасымен бірге Олимпиада алтынын жеңіп алды, сондай-ақ өз тақтасында жеке есептің қола жүлдесіне ие болды. Турнирдің жабылу салтанатында Синдаровқа жылдың үздік шахматшысы ретінде FIDE Excellence Award сыйлығы табысталды.