Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Молдова – Қазақстан: Ұлттық құрама қарымта қайтара ала ма?

Алғашқы ойында Қазақстан құрамасы күтпеген жерден 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді. 

Матч беті Молдова 22:00 Қазақстан 13 қараша, жұма · Ұлттар лигасы, 5-тур · Тікелей эфир Құрамдар мен болжам →
Молдова – Қазақстан: Ұлттық құрама қарымта қайтара ала ма?
amanvibe.kz

Қазақстан құрамасы 13 қараша, жұма күні Ұлттар лигасының бесінші турында сырт алаңда Молдова командасымен кездеседі.

Матч Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады.

Ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Алғашқы матчта Қазақстан жеңілген

Екі құрама Ұлттар лигасының С дивизионындағы 3-топ аясында алғаш рет 2 қазанда Астанада кездесті. Сол матчта Қазақстан құрамасы күтпеген жерден 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстан сапындағы жалғыз голды 64-минутта Нұралы Әліп соқты.

Молдова құрамасынан Ники Клещенко 45+1-минутта, ал Петру Попеску 50-минутта мергендік танытты.

Турнир кестесіндегі жағдай

Бесінші тур алдындағы жағдай бойынша Молдова құрамасының еншісінде 4 ұпай бар.

Қазақстан құрамасы әзірге 2 ұпай жинаған. Соңғы турда Қазақстан өз алаңында Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең түсті.

Ал Молдова Словакияға өз алаңында 0:4 есебімен есе жіберді.

Бұл туралы не ойлайсыз?