ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

WTA Рыбакина – Соболенко кездесуіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстандық және беларусь теннисшілері маусымдағы "Үлкен дулыға" турнирінің финалында тағы бір мәрте бір-біріне қарсы шығады.

WTA Рыбакина – Соболенко кездесуіне қатысты мәлімдеме жасады
olympic.kz

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) Елена Рыбакина мен Арина Соболенко арасындағы US Open-2026 финалын арнайы жазбамен анонстады.

Қазақстандық және беларусь теннисшілері маусымдағы "Үлкен дулыға" турнирінің финалында тағы бір мәрте бір-біріне қарсы шығады.

"Үлкен дулыға" деңгейіндегі реванш

WTA ресми Instagram парақшасында финалға арналған жазба жариялап, Рыбакина мен Соболенконың биыл Australian Open финалында да кездескенін еске салды.

"Австралиядан "Үлкен алмаға". Бізді "Үлкен дулыға" деңгейіндегі реванш күтіп тұр: Соболенко – Рыбакина!" – делінген WTA хабарламасында.

"Үлкен алма" – US Open өтіп жатқан Нью-Йорк қаласының кең тараған бейресми атауы.

Рыбакина мен Соболенко финалда қайта кездеседі

2026 жылдың қаңтарында қос теннисші Australian Open турнирінің финалында кездескен.

Мельбурндегі шешуші матчта Елена Рыбакина Арина Соболенконы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіп, мансабындағы алғашқы Australian Open титулын иеленді.

Енді бірнеше айдан кейін олар тағы бір "Үлкен дулыға" турнирінің чемпиондығын өзара сарапқа салмақ.

Финал қашан өтеді?

US Open-2026 әйелдер арасындағы жекелей сында финал 12 қыркүйекте Нью-Йорктегі Arthur Ashe Stadium аренасында өтеді. Кездесу жергілікті уақытпен 16:00-де, ал Қазақстан уақыты бойынша 13 қыркүйекке қараған түні сағат 01:00-де басталады.

Рыбакина мен Соболенко осыған дейін он рет кездескен. Қазіргі жеке кездесулер статистикасында 5:5 есебі тіркелген.

Айта кетейік, US Open нәтижесіне қарамастан, Елена Рыбакина турнир аяқталғаннан кейін WTA рейтингінің жаңа көшбасшысы болады. Ол WTA тарихындағы 30-шы №1 теннисші атанады.

Бұл туралы не ойлайсыз?