Жарнама
Жарнама

US Open: Елена Рыбакинаның чемпион атану мүмкіндігі үш есе артты

Бүгін отандасымыз турнирдің ширек финалы аясында қытайлық теннисші Чжэн Циньвэньмен кездеседі. 

US Open: Елена Рыбакинаның чемпион атану мүмкіндігі үш есе артты
steppenews.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның US Open-2026 турнирінде чемпион атану мүмкіндігі күрт өсті. Нью-Йорктегі төрт жеңістен кейін қазақстандық теннисші басты фавориттердің үштігіне кірді.

Турнир басталғанда Рыбакинаның титул алу ықтималдығы 7 пайыз деп бағаланса, кейін бұл көрсеткіш 20 пайызға дейін көтерілген. Яғни оның мүмкіндігі үш есеге жуық артты.

Айта кетейік, мұндай болжамдар тұрақты емес. 9 қыркүйектегі Robinhood болжам нарығында Рыбакинаның US Open жеңімпазы атану ықтималдығы 23 пайызға дейін жеткен. Ал Арина Соболенко – 38, Кори Гауфф 22 пайызбен бағаланып отыр. 

Осакаға қарсы сенімді жеңіс

Рыбакина төртінші айналымда турнирдің екі дүркін чемпионы Наоми Осаканы 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, мансабында алғаш рет US Open ширек финалына шықты. 

Бір жеңіс – әлемнің бірінші ракеткасы

Ширек финал Рыбакина үшін тек US Open жүлдесі тұрғысынан емес, WTA рейтингіндегі бірінші орын үшін де шешуші болмақ.

US Open және WTA мәліметінше, қазақстандық теннисші ширек финалда жеңіске жетіп, жартылай финалға шықса, турнир аяқталғаннан кейін Арина Соболенконы басып озып, мансабында алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады. 

Айта кетейік, Рыбакинаның келесі қарсыласы – Қытай өкілі Чжэн Циньвэнь.

Қытайлық теннисші төртінші айналымда Ига Швентекті 7:5, 6:3 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Қос теннисші бұған дейін бес рет кездескен. Жеке кездесулер статистикасында Рыбакина 4:1 есебімен алда. Биылғы маусымда қазақстандық спортшы Чжэнді Доха мен Мадрид турнирлерінде де жеңді. 

Рыбакина – Чжэн Циньвэнь кездесуі 9 қыркүйекте Нью-Йорктегі Arthur Ashe Stadium аренасында өтеді.

Жарнама
Жарнама