ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Елена Рыбакина US Open турнирінде тарихи жеңіске жетті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Нью-Йоркте US Open-2026 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Елена Рыбакина US Open турнирінде тарихи жеңіске жетті
instagram/@tennischannel

Наоми Осаканы екі сетте жеңді

Қазақстандық теннисші турнирдің төртінші айналымында WTA рейтингіндегі 13-ракетка, жапониялық Наоми Осакамен кездесті. Рыбакина қарсыласын екі сетте 6:1, 6:4 есебімен аяқтады.

Осы жеңістің арқасында Елена алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының үздік сегіз теннисшісінің қатарына енді. Бұған дейін оның US Open турниріндегі ең жоғары көрсеткіші 1/8 финал болған.

Рыбакина Нью-Йорктегі жарыста әзірге бірде-бір сетте жеңілген жоқ:

  • Тея Фродин (АҚШ, WTA рейтингінде 585-орын) — 6:3, 6:2;
  • Джессика Бусас Манейро (Испания, 105-орын) — 6:2, 6:4;
  • Юлия Стародубцева (Украина, 58-орын) — 7:6, 6:3;
  • Наоми Осака (Жапония, 13-орын) — 6:1, 6:4.

Ширек финалда кіммен кездеседі?

Рыбакина жартылай финал жолдамасы үшін WTA рейтингінде 121-орында тұрған Чжэн Циньвэньмен сынға түседі.

Өз кезегінде қытайлық теннисші 1/8 финалда әлемдік рейтингтің сегізінші сатысындағы польшалық Ига Швентекті сенімді түрде ұтты. Есеп — 7:5, 6:3.

Қанша табыс тапты?

Елена Рыбакина ширек финалға шығу арқылы кемінде 780 мың доллар көлемінде жүлдеақы алады. Сонымен қатар еншісіне 430 рейтингтік ұпай жазылады.

US Open-2026 әйелдер арасындағы жекелей сынның жеңімпазы 5,5 миллион доллар алып, WTA рейтингінде 2000 ұпайға ие болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.