ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 25-тур

Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші US Open турнирінің екінші айналымында испаниялық Джессика Бусас Манейродан басым түсті.

Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына өтті
ҚТФ

Рыбакина әлемдік рейтингте 105-орында тұрған испаниялық қарсыласын екі сетте жеңді. Кездесу 6:2, 6:4 есебімен аяқталып, 1 сағат 8 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисшінің турнирдің келесі кезеңіндегі қарсыласы украиналық Юлия Стародубцева болады.

"Бүгін өзімнің доп беруіме өте ризамын, маған көп көмектесті. Әрине, Джессика да өте жақсы ойнады. Әсіресе екінші сетте соққыларына көбірек күш сала бастаған кезде қиын болды. Матчты өз пайдама аяқтай алғаныма қуаныштымын. Мұнда өткізген алғашқы екі ойынымды мақтан тұтамын. Турнирге дайындығым мінсіз болған жоқ. Басқа теннисшілердің жаттығып, жарысқа дайындалып жатқанын көргенде көңілім түсті. Ал мен қалпыма келу үшін бар күшімді салып, жаттығу залында ғана жұмыс істедім. Осында болғаныма бақыттымын. Мені қолдауға келген барша жанкүйерлерге рақмет", — деді Рыбакина матчтан кейінгі сұхбатында .

Нью-Йорктегі US Open турнирі 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Ашық чемпионаттың былтырғы жеңімпазы - Арина Соболенко. Беларусь теннисшісі өткен жылы финалда америкалық Аманда Анисимованы 6:3, 7:6 есебімен жеңген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.