Александр Бублик US Open турнирінде үшінші айналымға шықты
Қазақстандық теннисші Александр Бублик US Open турнирінде жарыстың үшінші айналымына жолдама алды.
ATP рейтингінде 16-орында тұрған Бублик екінші кезеңде франциялық Адриан Маннариномен кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын үш сетте сенімді түрде жеңді - 6:3, 6:1, 6:1.
Осы жеңістен кейін қазақстандық теннисші үшінші айналымда қарсыласы америкалық Томми Полмен кездеседі. Бублик пен Пол арасындағы кездесу 4 қыркүйекте өтеді.
Қанша сыйақы алады?
Турнирдің келесі кезеңіне шыққаны үшін Александр Бублик кем дегенде 290 мың доллар иеленетініне кепілдік берді. Сонымен қатар оның рейтингтегі қоржынына 100 ұпай қосылады.
Биылғы АҚШ ашық чемпионатының жалпы жүлде қоры 37,84 миллион долларды құрайды. Жекелей сында чемпион атанған теннисші 5,5 миллион доллар сыйақы алып, 2000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.