Юлия Путинцева сенсациялық жеңісі үшін қанша сыйақы алды?
Қазақстандық теннисші US Open турнирінің алғашқы айналымында Белинда Бенчичті жеңіп, жарыстың екінші кезеңіне жолдама алды.
Рейтингте 12-сатыда тұрған қарсыласымен болған тартысты матчта қазақстандық теннисші үш сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Кездесу 4:6, 7:5, 6:3 есебімен Путинцеваның пайдасына аяқталды. Матч 2 сағат 51 минутқа созылды.
Осылайша Юлия Путинцева US Open-2026 турнирінің екінші айналымына өтті. Келесі кезеңде ол Қытай теннисшісі Чжэн Циньвэньмен кездеседі.
Путинцева қанша сыйақы алады?
Турнирдің екінші айналымына шыққаны үшін Юлия Путинцева 190 мың доллар көлемінде сыйақыға және 70 рейтингтік ұпайға ие болады.
Биылғы US Open турнирінің жалпы жүлде қоры 37,84 миллион долларды құрайды. Жарыста жекелей сында чемпион атанған теннисші 5,5 миллион доллар көлемінде сыйақы алады. Сонымен қатар жеңімпазға 2000 WTA рейтингтік ұпайы беріледі.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.