Елена Рыбакинаның US Open турниріндегі алғашқы матчы кейінге шегерілді
Қазақстанның үздік теннисшісі АҚШ ашық чемпионатындағы алғашқы кездесуінің басталу уақыты өзгерді.
17 жастағы америкалықпен кездеседі
WTA рейтингінде екінші орында тұрған Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының бірінші айналымында 17 жастағы америкалық Тея Фродинмен ойнауы керек.
Кездесу Grandstand кортында өтеді деп жоспарланған. Бастапқы кесте бойынша теннисшілер Нью-Йорк уақытымен сағат 11:00-де алаңға шығуға тиіс еді. Бірақ жаңбырға байланысты үшінші ойын күнінің кестесіне өзгеріс енгізілді.
Рыбакина мен Фродин арасындағы матч 1 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 20:00-де басталуы керек болатын.
Рыбакина жарақаттан кейін кортқа оралады
Бұл Елена Рыбакинаның Цинциннатидегі турнирден кейінгі алғашқы кездесуі болмақ. Қазақстандық теннисші Ига Швёнтекке қарсы ширек финалда тобығын жарақаттап, матчты мерзімінен бұрын аяқтаған еді.
Рыбакинаның қарсыласы Тея Фродин 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы АҚШ чемпионатында жеңіске жетіп, US Open негізгі кезеңіне арнайы шақырту алды.
17 жастағы америкалық теннисші үшін бұл АҚШ ашық чемпионатының негізгі торындағы алғашқы матч болмақ.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.