ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

Қазақстанның үздік теннисшісі US Open турнирін жеңіспен бастады

Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге US Open-2026 турнирінің жұптық сайысындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.

Қазақстанның үздік теннисшісі US Open турнирін жеңіспен бастады
instagram/@_annadanilina_

Екі сетке созылған жеңіс

Бірінші айналымда Қазақстан мен Сербия өкілдері чилилік Алекса Гуарачи және мысырлық Маяр Шериф жұбына қарсы ойнады.

Екі сағатқа созылған тартысты кездесу Данилина мен Круничтің пайдасына аяқталды — 7:5, 7:6 (9:7). Екінші партияның тағдыры тай-брейкте шешілді.

Келесі айналымдағы қарсыластары кім?

Осы жеңістің арқасында Анна Данилина мен Александра Крунич US Open турнирінің екінші кезеңіне жолдама алды.

Келесі айналымда олар мына жұптардың бірінің жеңімпазымен кездеседі:

Цзян Синьюй (Қытай) / Чжан Шуай (Қытай);

София Кенин (АҚШ) / Анастасия Потапова (Австрия).

Биыл АҚШ ашық чемпионатының жұптық сындағы жалпы жүлде қоры 5 миллион 60 мың долларға тең. Турнир чемпиондары бір миллион доллар көлеміндегі сыйақыға ие болып, WTA рейтингінде 2000 ұпайдан алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.