Жартылай ауыр салмақта WBA, IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліпке арнайы сыйлық жасады.
Санкт-Петербургтің "Зенит" клубында өнер көрсететін Нұралы Әліп ресейлік танымал боксшы Дмитрий Биволдан қолғабын сыйға алды. Бұл – Биволдың өзі уәде берген, жеке қолтаңбасы бар жабдық.
"Бұл — Дмитрийдің уәде еткен сыйлығы. Өзі қол қойыпты. (күледі) Дима, көп рахмет! Шын жүректен ризамын! Бағалаймын!" — деді Әліп.
Қолғабын қолына киген Нұралы әзілмен қарсылас іздеді:
"Осы қолғабпен спарринг өткізем бе? Әрине! Дзюба, қайдасың? (күледі). Дәл менің өлшемім екен. Қолымыз бірдей ғой", — деп әзілдеді қорғаушы.
Айта кетейік, Дмитрий Бивол жақында" Зениттің" Ресей Кубогы мен Премьер-Лигадағы бірнеше матчын тамашалап, командаға қолдау танытып жүр.