Футболдан Қазақстан чемпионатындағы матчта 18:0 есебі тіркелді (ВИДЕО)
Жарнама
Жарнама
Әйелдер арасындағы Қазақстан футбол чемпионатында бұрын-соңды болмаған ірі есеп тіркелді. Түркістанда өткен матчта "Томирис-Тұран" командасы "Оқжетпесті" 18:0 есебімен тас-талқан етті.
Ойын “Түркістан Аренада” өтті. Бұл нәтиже турнир тарихындағы ең ірі жеңістердің біріне айналды.
Кездесу барысында бірқатар футболшы жеке шеберліктерімен көзге түсті:
- Алина Хан – пента-трик (5 гол)
- Медина Нұрланқызы – хет-трик (3 гол)
- Элина Ирисметова, Айша Садықова, Гауһар Мусина – дубль (әрқайсысы 2 голдан)
- Анастасия Тян, Алена Иванова, Жайна Орынбасар – бір-бірден
- Сонымен қатар, Әдел Бектасова өз қақпасына автогол соқты
Айқын жеңіске қарамастан “Томирис-Тұран” екі турдан кейін төрт ұпаймен турнирлік кестеде үшінші орында тұр. Ал алғашқы екі орынды “БИІК-Шымкент” пен “Ақтөбе” командалары алты ұпаймен бөлісіп отыр.
“Оқжетпес” әзірге бірде-бір ұпай жинай алмай, соңғы орында қалды.
Жарнама
Жарнама