Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Зенит" жазда алты ойыншымен қоштасады: Нұралы Әліптің жағдайы қандай?

Редактор Penalty.kz
23.04.2025, 09:44

Петерборлық "Зенит" футбол клубы алдағы жазғы трансферлік терезеде бірден алты ойыншысымен қоштасуға дайын. 

ulyssport.kz
Реклама
Реклама

"Российский футбол: РПЛ" Telegram-арнасының мәліметінше бірқатар футболшылар командадан еркін агент ретінде кетпек. Олар:

  • қақпашы Михаил Кержаков
  • қорғаушы Дмитрий Чистяков
  • жартылай қорғаушы Александр Ерохин

"Зенит" бұл ойыншылармен еңбек келісімшарттарын ұзартпау туралы шешім қабылдаған.

Сонымен қатар, клуб Ильзат Ахметовпен де қоштасуды жоспарлап отыр. Ол не сатылады, не жалға беріледі. Ахметов биылғы маусымда негізгі құрамға орныға алмады.

Бразилиялық Густаво Мантуан да командадан кетуі мүмкін. Ол өз позициясымен риза емес, әрі шабуылда ойнағысы келеді. Осы фактор оның кетуіне түрткі болуы ықтимал.

Ал алтыншы ойыншы – Вендел "Зенитпен" қоштасқаны ресми түрде белгілі. Ол Бразилияның "Ботафого" клубымен келісімшартқа отырған болатын.

Айта кетейік, "Зенит" сапында Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсетеді. Қазір ол клубтың негізгі құрамында ойнап жүр және болашағы туралы нақты ақпарат берілмеген. Бірақ команданың қайта құрылуы оның жағдайына әсер етуі мүмкін.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары