2020–2024 жылдар аралығында ұлттық құрамалар сапында ойнаған футболшылар үшін УЕФА Қазақстан клубтарына 2 308 829 еуро көлемінде өтемақы төледі.
Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) өз бағдарламасы аясында клубтарға ұлттық құрамаларға жіберілген ойыншылар үшін өтемақы төлеп келеді. Аталған кезең ішінде 55 ұлттық ассоциацияға қарасты 901 клубқа 233 миллион еуро бөлінген. Бұл – бағдарламаның тарихындағы ең үлкен сома.
Қазақстан атынан қатысқан клубтардың жалпы алғанда 2,3 миллионнан астам еуро алғаны белгілі болды. Бұл сома құрамалар арасындағы матчтарға – Ұлттар лигасы, Еуро-2024 іріктеуі және турнирдің финалдық кезеңі сияқты жарыстармен байланысты. Сонымен қатар клубтарға легионер ойыншылары халықаралық үзілістер кезінде ұлттық командаларына шақыртылғаны үшін де өтемақы төленеді.
Төлемдердің ішіндегі ең қомақтысы “Астана” клубының еншісіне бұйырды – 673 256 еуро.
Қалған клубтарға бөлінген сома мынадай:
Бұл төлемдер УЕФА-ның клубтарды ынталандыру саясатының маңызды бөлігі. Ұлттық құрамаларға ойыншылар ұсыну арқылы, клубтар өз беделін ғана емес, бюджетін де күшейту мүмкіндігіне ие.