Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

22 жастағы футболшы матч алдында көз жұмды

Редактор Penalty.kz
24.04.2025, 12:22

Оңтүстік Африкадағы "Дурбан Сити" футбол клубының 22 жастағы жартылай қорғаушысы Синамандла Зонди матч алдындағы жаттығу кезінде есінен танып, ауруханада көз жұмды. 

sovsport.ru
Реклама
Реклама

"Дурбан Сити" мен "Милфорд" командалары арасындағы ойын қарсаңында Синамандла Зонди әдеттегідей жаттығу жасап жатқан. Бірақ кенеттен өзін жайсыз сезініп, есінен таныған. Дереу жедел жәрдем шақырылып, футболшы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер бар күшін салғанымен оны аман алып қалу мүмкін болмады.

"Дурбан Сити" клубы жас футболшының өмірден өткенін растап, көңіл айтты:

"Синамандла Зондидің қаза тапқанын терең күйзеліспен хабарлаймыз. Ол тек талантты футболшы емес, ұжымымыздың ажырамас мүшесі, дос, ұл, ағайын және баршаға үлгі бола білген жан еді.

Бұл қиын кезеңде оның отбасына, достарына, командаластарына, бапкерлерге және бұл қасіретті жоғалтуды сезініп отырған барлығына қолдау білдіреміз".

Зондидің нақты неден көз жұмғаны жайлы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Клуб медициналық сараптаманың нәтижесін күтетінін мәлімдеді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары