Өзбек футболында жаңа буын ойыншылар Еуропаға жол тартуда. Солардың бірі — 19 жастағы “Пахтакор” ойыншысы Саидумарҳон Саиднурұллаев. Жазда ол Англияның “Куинз Парк Рейнджерс” (QPR) клубының жаттығу лагеріне қатысады.
Саиднурұллаев — Өзбекстан жастар құрамасының мүшесі әрі Ташкенттің “Пахтакор” клубында ойнаған жартылай қорғаушы. Ол өткен маусымда украиналық маман Максим Шацкихтың тұсында бірнеше рет негізгі құрамға еніп, Азия чемпиондар лигасының матчтарына қатысу үшін өтінімге енгізілді.
Алайда биыл португалиялық бас бапкердің тұсында тек бір кубок ойынына қатысып екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Саиднурұллаевтың футболдағы жолын белгілі агенттік жүргізіп отыр. Бұл агенттік “Манчестер Сити” клубының ойыншысы Абдукодир Хусанов, сондай-ақ Лазиз Мирзаев, Хусниддин Аликулов сынды шетелде және ел ішінде ойнап жүрген бірнеше өзбек футболшысының өкілі. Агенттіктің беделі Саиднурұллаевтың Англиядағы клубқа жол тартуына оң әсер етті.