Лондон мен Манчестер финалда: Еуропа лигасының шешуші ойыны анықталды
2024/2025 жылғы УЕФА Еуропа лигасының финалистері белгілі болды. Шешуші матчта Англияның екі алыбы — "Тоттенхэм Хотспур" мен "Манчестер Юнайтед" күш сынасады. Финал 2025 жылдың 21 мамырында Бильбаодағы "Сан-Мамес Баррия" стадионында өтеді.
"Тоттенхэм" жартылай финалда Норвегияның "Будё-Глимт" клубын қос матчтың қорытындысы бойынша 5:1 есебімен тізе бүктірді. Ал "Манчестер Юнайтед" Баск елінің "Атлетик Бильбао" командасынан 7:1 есебімен басым түсті.
Бірінші ойындар:
- "Атлетик — "Манчестер Юнайтед" 0:3
- "Будё-Глимт" — "Тоттенхэм" 1:3
Қарымта кездесулер:
- "Манчестер Юнайтед" — "Атлетик" 4:1
- "Тоттенхэм" — "Будё-Глимт" 2:0
Бұл тек УЕФА кубогы үшін емес, келесі маусымдағы Чемпиондар лигасына жолдама үшін күрес. Өткен маусымда Италияның "Аталанта" германиялық "Байерді" 3:0 есебімен жеңіп, тарихында алғаш рет Еуропа лигасының жеңімпазы атанған.
Қызықты дерек: "Тоттенхэм" соңғы рет еурокубок финалында 2019 жылы Чемпиондар лигасында ойнаған, ал "Манчестер Юнайтед" Еуропа лигасын 2017 жылы жеңіп алды.