УЕФА ЧЛ-ның финалдық ойынына қатысты шешім шығарды
Келесі жылы УЕФА футбол маусымының ең маңызды ойыны "Пушкаш Арена" стадионында өтеді.
2026/27 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының финалдық матчы Испания астанасы Мадридте орналасқан "Метрополитано" стадионында өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Reuters порталы Испанияның спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
"Метрополитано" — финал үшін таңдалған арена
Бұл стадион бұған дейін де УЕФА финалына куә болған. 2018/19 жылғы маусымның шешуші ойыны дәл осы алаңда өтті. Сол кезде "Ливерпуль" "Тоттенхэмді" 2:0 есебімен жеңіп, кубокты иеленген еді.
"Метрополитано" — Мадридтік "Атлетико" клубының стадионы. Қазіргі таңда бұл арена Еуропадағы ең заманауи және жанкүйерлерге жайлы стадиондардың бірі саналады.
Алдағы жылдардағы ЧЛ финалдары:
-
2024/25 маусымы — "Альянц Арена", Мюнхен, Германия
-
2025/26 маусымы — "Пушкаш Арена", Будапешт, Венгрия
-
2026/27 маусымы — "Метрополитано", Мадрид, Испания
Айта кетейік, биылғы финал Мюнхенде өтеді. Ақтық сында ПСЖ мен Интер командалары кездеседі. Матч маусымның 1-іне жоспарланған.