Чемпиондар Лигасында жалпы кезеңнің екінші тур ойындары өтті.
Әзірге тек алты команда ғана ұпай жоғалтпай келе жатыр: «Бавария», мадридтік «Реал», «ПСЖ», «Интер», «Арсенал» және «Қарабах». Opta суперкомпьютерінің жаңартылған есептеуіне сәйкес, турнирдегі басты фаворит – «Арсенал». Олардың жеңіске жету ықтималдығы 18,1% деп бағаланған. Екінші орында «Ливерпуль» (14,7%), үшінші сатыда «ПСЖ» (14%). Алдыңғы бестікке сондай-ақ «Манчестер Сити» (9,7%) мен «Бавария» (9,5%) кірді.
Алтыншыдан оныншы орынға дейінгі командалар: «Барселона» (8,2%), «Реал» (5%), «Интер» (3,7%), «Челси» (3,5%) және «Ньюкасл» (3,1%).
Естеріңізге салсақ, Чемпиондар лигасының қазіргі чемпионы париждік “ПСЖ”.
Әзірге екі турдың нәтижесінде кестенің соңғы орнында алматылық “Қайрат” келе жатыр. Екі ойында қазақстандық ұжым тоғыз гол өткізіп, тек бір гол салды.