Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері, әйгілі италиялық маман Фабио Каннаваро күтпеген жерден елден кетіп қалды. Бұл туралы жергілікті ақпарат көздері хабарлады.
Инсайдерлердің мәліметінше, Фабио Каннаваро өзінің жеке мәселелерін шешу үшін Италияға қайтқан. Ол туған елінде бірнеше күн болып, кейін қайта Өзбекстанға оралуды жоспарлап отыр.
Бейресми дереккөздерге сүйенсек, Каннаваро 3–4 күннен кейін Ташкентке оралып, Өзбекстан Суперлигасының ойындарын бақылауды жалғастырады.
Айта кетсек, италиялық бапкердің жетекшілігімен Өзбекстан құрамасы екі ойын өткізіп үлгерді:
Каннавароның бұл уақытша кетуі команда жұмысына әсер етпейді деп айтылып жүр. Өзбек жанкүйерлері оның қайта оралуын және ұлттық құраманың алдағы ойындардағы нәтижелерін асыға күтуде.