Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Қайрат» Чемпиондар лигасында алғашқы ұпайын еншіледі

Сарапшы, спорт журналисі
21.10.2025, 23:53

Алматының «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде кипрлік «Пафосқа» қарсы тарихи нәтижеге қол жеткізді. 

sports.kz
Реклама
Реклама

Матч барысы

Ойынның төртінші минутында кипрлік Жоау Корреа Луиш Матаға дөрекі ойнап, бірден қызыл қағаз алып алаңнан қуылды.

Бір ойыншы артық болған алматылықтар басымдықты өз қолына алды. Бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырды. Алайда тайм ортасына қарай қонақтар да шабуылға шығып, қақпашы Темірлан Анарбеков бірнеше рет командасын құтқарып қалды.

Екінші таймда қорғаушы Еркін Тапаловтың орнына шабуылшы Азамат Туяқбаев шықты. «Қайрат» алға ұмтылып, қауіпті соққыларды жиілетті. Бірақ гол соғу сәттері жүзеге аспады. Офри Арадтың соққысы қақпа бағанынан қайтты.

Ойын соңына дейін екі команда да жеңіс үшін күресті, бірақ есеп ашылмады — 0:0.

Тарихи нәтиже

Бұл тең есеп «Қайраттың» Чемпиондар лигасы тарихындағы алғашқы ұпайы болып тіркелді. Бұл — қазақстандық футбол үшін маңызды жетістік, себебі ел тарихында тұңғыш рет клуб осындай деңгейдегі турнирде ұпай еншіледі.

6 қараша күні «Қайрат» сырт алаңда италиялық «Интермен» кездеседі. Алматылық клуб бұл ойында да сенсация жасауға ниетті.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары