«Барселона» өз алаңында «Олимпиакостың» тас-талқанын шығарды
22.10.2025, 07:00
УЕФА Чемпиондар лигасының 3-турында «Барселона» «Олимпиакосты» 6:1 есебімен жеңді.
Сурет: ашық дереккөздерден
Каталония клубының сапында Фермин Лопес хет-трик, ал Маркус Рэшфорд дубль авторы атанды. Сондай-ақ Ламин Ямаль 11 метрлік айып добынан мергендік танытты. Ал «Олимпиакостың» жалғыз голын Аюб Эль-Кааби пеналтиден соқты.
Одан бөлек 57-минутта грек командасының жартылай қорғаушысы Сантьяго Хеззе алаңнан қуылып кетті. Осылайша үш ойында алты ұпай жинаған «блауграна» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.
Ханси Флик шәкірттері келесі турда 6 қараша күні «Брюггеге» қонаққа барады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама