“Қайраттың” бас бапкері Рафаэль Оразбахтин Чемпиондар лигасының үшінші турындағы “Пафоспен” өткен кездесуден кейін ойын туралы пікір білдірді.
Бас бапкер Темірлан Анарбековтің ойынын бағалап, Александр Заруцкийдің алаңға оралуына қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ алдағы “Астанаға” қарсы маңызды матч жайлы да айтты.
“Біз ойын жоспарын мүлде өзгерттік, үшінші минутта-ақ артық құрамда қалдық, сондықтан бастапқы тактикалық жоспарымыз толықтай өзгерді. Біз мұндай ұзақ уақыт бойы допқа иелік етеміз деп ойлаған жоқпыз. Бірақ шабуылда тәуекел мен батылдық жетіспеді.”
Бапкер Анарбековтің алаңға оралуына қуанышты екенін жасырмады:
"Темірланның қайта оралғанына қуаныштымыз. Ол бір эпизодта қақпаны аман сақтап қалды, бірақ сол сәтте бәріміз шошып кеттік — жарақат алғандай көрінді. Құдайға шүкір, бәрі жақсы болды." – деді ол.
Ал жарақатынан айығып келе жатқан Александр Заруцкий туралы:
"Ол ұмытылған жоқ. Бүгін ол матчтық өтінімде болды. Қазір жаттығуға толық қатысып жүр, жақын уақытта алаңда көреміз деп үміттенеміз. Команда да, жанкүйерлер де оның қайта оралуын асыға күтуде." – деді бапкер.
Команданың ішкі ахуалына да тоқталған Оразбахтин ойыншылардың көңіл-күйін түсініп отырғанын айтты:
"Балалар қатты ренжіді. Екі тайм бойы артық құрамда ойнадық, бірақ жеңіс ала алмадық. Дегенмен өмір жалғасады. Енді біз үшін ең маңызды ойын — "Астанаға” қарсы кездесу. Сол матчқа толық күшпен дайындаламыз,” – деді ол.
Бапкердің айтуынша, негізгі ойын осы аптаның соңында болмақ:
"Біздің міндет – чемпиондықты қорғау. Сол жолда соңына дейін күресеміз." – деп түйіндеді “Қайраттың” бас бапкері Vesti.kz сайтына берген сұхбатында.