Реклама
Реклама

«Қайрат» Италия жеріне қонды

Сарапшы, спорт журналисі
03.11.2025, 20:02

Алматылықтар Чемпиондар лигасының төртінші турында «Интерге» қарсы ойынға қатысу үшін Миланға келді.

instagram/@f.c.kairat

Клубтың ресми Instagram парақшасында ойыншылардың Италияға келген сәті бейнеленген суреттер жарияланды. Кадрларда футболшылардың ұшақтан түсу сәті көрсетілген.

Суреттерде команданың негізгі ойыншылары – Дастан Сәтпаев, Темірлан Анарбеков, Валерий Громыко, Еркін Тапалов және басқа да футболшылар көзге түседі.

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турдағы «Интер» – «Қайрат» кездесуі 6 қарашада өтеді.

Қазірге дейін алматылық команда үш ойын өткізіп, өз есебіне бір ұпай ғана жазған. Бұл нәтиже «Қайратқа» 36 клубтың ішінде 34-орынға жайғасуға мүмкіндік беріп отыр.

Реклама
Реклама