Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Абат Айымбетов жаңа клуб тапты

Сарапшы, спорт журналисі
03.11.2025, 22:47

Шабуылшы «Ақтөбеге» оралуы мүмкін.

kff.kz
Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасының экс-форварды туған клубына қайта оралмақ

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Абат Айымбетов туған клубы «Ақтөбемен» келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы журналист Эльдар Аманбаев Telegram-арнасында жазды. 

“Абат өз мансабын бастаған «Ақтөбеге» қайта оралуға жақын. Қазір тараптар ойыншының командаға қосылу шарттарын талқылап жатыр. Айымбетов қазіргі уақытта Түркияда жеке дайындық жүргізуде. Дәл осы елде «Ақтөбе» де желтоқсан айының ортасында алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр”, — деп жазды Аманбаев.

Түркия кезеңі және еркін агент мәртебесі

Өткен маусымда Абат Айымбетов Түркияның «Адана Демирспор» клубының намысын қорғады. Ол 28 матчқа қатысып, 5 гол соқты. Алайда маусым соңында команда Түркия Суперлигасынан түсіп қалды, ал 1 шілдеде қазақстандық шабуылшы клубпен келісімшартты ресми түрде бұзды.

Қазір футболшы еркін агент мәртебесінде және бірнеше клубтан ұсыныс алғаны айтылуда. Соның ішінде басты нұсқалардың бірі – «Ақтөбе» клубына қайта қосылу.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары