Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Анарбеков әлде Заруцкий? "Интерге" қарсы ойнайтын қақпашы белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 08:00

Чемпиондар лигасының ойыны алдында Рафаэль Оразбахтин журналистер сауалына жауап берді.

Коллаж
Реклама
Реклама

«Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Оразбахтин баспасөз мәслихатында алдағы «Интерге» қарсы ойында қақпаны кім қорғайтынын айтты.

— Темірлан Анарбековтің жағдайы қалай? Әлде ертең қақпаға Александр Заруцкий тұра ма?

"Осындай сұрақты маған бұған дейін де қойған еді. Қазіргі таңда Темір жақсы жағдайда. Ол өз ойынымен — әрі чемпионатта, әрі еурокубоктерде — жетілгендігін көрсетіп жүр. Ал Александр әлі бабына толық енген жоқ. Ол бізбен жалпы топта жаттығып жүр, және, шүкір, қатарға оралды. Айта кетейін, дәл қазір Темір ең оңтайлы күйінде, сондықтан ол — бірінші нөмір." – деді бас бапкер.

Лига чемпионатының жалпы кезеңіндегі төртінші турдағы «Интер» — «Қайрат» матчы 5-нен 6 қарашаға қараған түні Миландағы «Джузеппе Меацца» стадионында өтеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары