Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Интерге" қарсы матч қарсаңында "Қайратқа" үкім шығарылды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:11

Сарапшылар алматылық команданың ірі есеппен жеңілетініне күмән келтірмейді. 

sportilinet.kz
Реклама
Реклама

Ресейдің танымал спорт порталы Vseprosport.ru Миланда өтетін «Интер» – «Қайрат» кездесуіне қатысты болжамын жариялады. Сарапшылардың пікірінше, италиялық клуб айқын фаворит, ал алматылықтарды қиын сынақ күтіп тұр.

Ресейлік басылымның талдауына сәйкес, «Интер» қазіргі кезде Чемпиондар лигасында тамаша қарқын көрсетіп келеді. Миландықтар үш ойын қатарынан жеңіске жетіп, төртінші жеңісін алу мүмкіндігіне ие.

«Интер бүгін төртінші жеңісін ресми түрде тіркеп, турнирдің алғашқы сегіздігіне нық орнығуға тамаша мүмкіндікке ие болады. Ал қарсыласы – "Қайрат", биыл алғаш рет Чемпиондар лигасына қатысып, тәжірибелі клубтарға қарсы ойындарда екі рет ірі есеппен жеңілді», — деп жазды Vseprosport.ru.

Ресейлік сарапшылардың пікірінше, «Қайраттың» қорғанысы «Интердің» шабуылына төтеп бере алмайды.

«Фаворит мәртебесін дәлелдеу "Интер" үшін қиындық тудырмайды. Класс деңгейінде айырмашылық айқын. Сондықтан біз "Қайраттың" ірі есепті жеңілістен құтыла алмайтынына сенімдіміз», — делінген мақаланың қорытындысында.

Айта кетейік, «Қайрат» биылғы маусымда Чемпиондар лигасында алғаш рет өнер көрсетіп, алғашқы үш турда бір ұпай жинады:

  • «Пафоспен» — 0:0,
  • «Спортингтен» — 1:4,
  • «Реалдан» — 0:5.

Енді алматылықтарды Миландағы тарихи кездесу күтіп тұр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары