Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қақпасын Қалмырза қорғаған «Қайрат» миландықтардан ірі есеппен ұтылды

Сарапшы, спорт журналисі
05.11.2025, 22:14

Алматының «Қайрат» U-19 командасы УЕФА жасөспірімдер лигасының топтық кезеңіндегі төртінші ойында Италияның «Интерінен» 3:0 есебімен жеңілді.

Instagram/@fckairat_academy
Реклама
Реклама

Миландықтардан 21-минутта Маттиас Москонни пенальтиден есеп ашты. Үзіліске дейін алаң иелері Дилан Саратенің арқасында екінші доп соқты. Ал 54-минутта Джамал Иддриссу нәтижені түйіндеді. 

«Қайрат» сапында қақпаны 18 жастағы Шерхан Қалмырза қорғады. Ол бұған дейін алматылықтардың негізгі құрамында Чемпиондар лигасында өнер көрсеткен.

Бұл «Қайрат» U-19 үшін төртінші қатарынан жеңіліс болды. Бұған дейінгі матчтарда команда төмендегідей нәтижелер көрсетті:

  • «Пафос» (Кипр) — 1:3
  • «Реал» (Испания) — 1:4
  • «Спортинг» (Португалия) — 2:3

Осылайша «Қайрат» әзірге турнирдің жалпы кезеңінде ұпай жинай алмай отыр.

Алматылық жастар командасы келесі кездесулерін төмендегідей өткізеді:

26 қараша — «Копенгаген» (Дания)

9 желтоқсан — «Олимпиакос» (Грекия)

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары