Матч 2026 жылы 29 қаңтар күні «Эмирейтс» стадионында өтеді.
Лондонның әйгілі «Арсеналы» мен алматылық «Қайраттың» арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасы ойынына билеттердің бағасы жарияланды. Матч 29 қаңтар 2026 жылы «Эмирейтс» стадионында өтеді.
«Арсенал» клубының ресми сайтында «Қайратқа» қарсы ойын билеттері B санатындағы баға категориясына енгізілген. Соған сәйкес, билет құны — 44,80 фунттан 80 фунт стерлингке дейін болады. Яғни шамамен 30 мыңнан 50 мың теңге аралығында сатып алуға болады. Алдын ала тапсырыс беру 21 қараша күні басталады.
«Арсенал» – «Қайрат» кездесуі УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңіндегі соңғы, сегізінші турда өтеді. Бұл ойын топтық мәреге нүкте қойып, турнир тағдырын шешетін маңызды сәттердің бірі болмақ.
Кездесу 29 қаңтар 2026 жылы Лондондағы «Эмирейтс» стадионында өтеді.
Турнирлік кестеге көз жүгіртсек, «Арсенал» 12 ұпаймен екінші орында, тек «Бавариядан» қалыс тұр. Алматылық «Қайрат» әзірге бір ғана ұпаймен 34-орында.