Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Сол мәселені көрдік - Талғат Байсуфинов төрт қорғаушы жүйесіне өту себебін айтты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:37

Бас бапкердің міндетін атқарушы Талғат Маруанұлы жаңа жүйеге ауысу себебін айтты.

Талғат Байсуфинов. Фото: ҚФФ
Реклама
Реклама

"Бірінші бол" арнасына берген сұхбатында тәжірибелі бапкер төрт қорғаушы жүйесіне ауысу себебін түсіндіре кетті:

"Құраманың ойындарын үнемі қарап отырамыз. Үнемі бес қорғаушымен ойнады. Естіпте отырдық футболшылардан. Қазір жас футболшылар шығып жатыр, құрамаға шақырылып жатыр, дриблингпен өтіп, бірге бір ойнағанды жақсы көреді қарсыласқа қарсы. Гол соққысы келеді, жастарына да келеді ғой сол."

Бапкердің айтуынша, футболшыларға бірінші өз жоспарын айтып, жүйе өзгерту жайлы ақылдасқанын алға тартты:

"Ұлттық құрамаға келгенде, футболшыларда соны тосып отырды. Бір сөзбен айтқанда, ойын түгел бұзылған жоқ қой. Кішкене сөйлестік, заманауи футболды қалай көріп тұрсыздар деп сұрадық. Өз жоспарымызды айттық. Алғашқы ойын Лихтенштейнге қарсы бапкерде керегі жоқ деп айтып отырды халық. Бәріміз, футболшыларда Солтүстік Македонияға қарсы ойынды тағатсыздана күтті. Құдайға шүкір, Македонияға да қарсы ойынды жақсы ұстай алдық. Бізге қазір ойын тұрақтылығы қажет", - деді Талғат Маруанұлы.

Естеріңізге салсақ, Талғат Байсуфинов ұлттық құрама тізгінін үшінші рет басқарып отыр. Келесі ойын 15-ші қараша күні "Астана-Аренада" Бельгияға қарсы өтеді. Ойын 19:00-де басталады.

Үш күннен кейін, 18-ші қараша күні Қазақстан сырт алаңда Фарер аралдарымен жолдастық кездесу өткізетін болады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары