Ұлттық құраманың экс-капитаны "Қайраттың" жас ойыншысына қатысты ойын білдірді.
Fonteam youtube-арнасында болған подкастта Асхат Дастан Сәтпаевтың кәсіби тұрғыда өзіне жақсы қарайтынын алға тартты:
"Криштианудан кейін кәсіби адамды Дастаннан көрдім. Өз ісіне тиянақты адам. Болашақта Дастанымыз Еуропада шулап жатса, Қазақстанның туы "Челсидің" құрамасын айтқан кезде көрінсе, үлкен мақтаныш. Сол дәрежеге жетсін деп тілейміз", - деді Асхат Тағыберген.
Айта кетсек, 17 жастағы Дастан Сәтпаев биылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында жарқырады. «Қайрат» сапында өнер көрсеткен шабуылшы 14 гол соғып, ҚПЛ-2025 маусымындағы үздік сұрмергендер тізімінде екінші орынға табан тіреді.
Сәтпаевтың «Челсиге» толыққанды ауысуы 2026 жылдың тамыз айында, яғни ойыншы 18 жасқа толғанда жүзеге аспақ.