Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Шерхан Қалмырза Қазақстан құрамасында алғашқы ойынын өткізді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:01

Матч Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде өтті.

Шерхан Қалмырза. Фото: "Қайрат" ФК
Реклама
Реклама

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-19) 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында Ирландия құрамасын 1:0 есебімен жеңді.

Кездесудің жалғыз және жеңіс голын команда капитаны Азамат Тұяқбаев 56-минутта соқты. Матч соңында 90-минутта Кәрім Махаметжан қызыл қағаз алып, қазақстандықтар он ойыншымен қалды. Соған қарамастан, жас футболшылар есепті сақтап, маңызды жеңіске қол жеткізді.

Бұл жеңіс – күтпеген нәтиже, өйткені Ирландия осы матчтың айқын фавориті саналған еді.

Қазақстан құрамасының құрамы:

Шерхан Қалмырза (қақпашы), Данияр Ташпұлатов, Әмірбек Базарбаев, Абзал Сағын, Әкежан Қалиқұлов, Мұхамедәлі Әбіш, Әли Ақылбаев, Евгений Петрик, Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев (капитан), Мансұр Бірқұрманов.

Бірінші топтағы ойындар Нидерландта өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы енді екі ойын өткізеді.

  • 15 қарашада – Нидерландқа қарсы,
  • 18 қарашада – Кипрге қарсы өткізеді.
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары