Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Мәжбүрлі шешім. «Қайрат» бапкері ЧЛ ойындарын Астанада өткізуге қатысты пікір білдірді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 08:09

Алматылық ұжым "Астана Аренада" грек клубы «Олимпиакоспен» және бельгиялық «Брюггемен» кездеседі. 

Sports24.kz
Реклама
Реклама

Алматылық «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Оразбахтин Чемпиондар лигасы аясындағы матчтардың Астанада өтетініне қатысты пікір білдірді. Маманның айтуынша, бұл шешім мәжбүрлі шара болған.

Оның сөзінше, клуб ең алдымен жанкүйерлердің жағдайын және ауа райының ерекшелігін ескерген.

«Бұл өзгерістер менің құзыретімде емес. Клуб ең алдымен жанкүйерлер мен ауа райын ойлады. Әрине, мен өз қаламызда, Алматыда ойнағым келер еді. Дегенмен, “Астана Арена” біз үшін сәтті стадион. Биыл дәл осы алаңда трофей жеңіп алдық. Сондықтан, сол алаңдағы аура бізге тағы да көмектеседі деп сенемін», — деді бапкер баспасөз-мәслихатында.

Матчтар Астанада өтеді

«Қайрат» Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінде өз алаңында өтуі тиіс болған екі ойынды елордадағы “Астана Аренада” өткізеді. Атап айтқанда, грек клубы «Олимпиакоспен» және бельгиялық «Брюггемен» кездеседі. 

Бұған дейін Алматыда ауа райының салқындауы мен инфрақұрылымдық талаптардың күшеюіне байланысты матчтарды көшіру туралы шешім қабылданған.

Ал бүгін яғни 26 қараша күні Рафаэль Оразбахтиннің шәкірттері сырт алаңда «Копенгагенге» қарсы өнер көрсетеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары