Реклама
Реклама

13 жастағы қазақстандық Испания өңірлік құрамасына шақырту алды

Сарапшы, спорт журналисі
15.01.2026, 16:37

Бұл құрамаға «Эльче», «Вильярреал» секілді өңірдегі жетекші академиялардың үздік ойыншылары жиналған.

Sports.kz

Қазақстандық жас футболшы Ғабидолла Оразалы Испанияның атақты «Валенсия» клубының құрамында өнер көрсетіп қана қоймай, енді аймақтық құрама деңгейіне көтерілді.

13 жастағы қазақстандық шабуылшы Валенсия автономды қауымдастығының U-14 жасөспірімдер құрамасына шақырту алып, команда сапында алғашқы жаттығуын өткізді. Бұл құрамаға «Эльче», «Вильярреал» секілді өңірдегі жетекші академиялардың үздік ойыншылары жиналған.

Турнирдегі сенімді ойын

Валенсия U-14 құрамасы бүкілиспаниялық турнирге қатысып жатыр. Команда турнирдің алғашқы кезеңінде қатарынан үш жеңіске жетті:

  • Наварра — 6:0
  • Мадрид — 2:0
  • Баск елі — 2:0

Осы нәтижелердің арқасында Валенсия құрамасы «Кастилия және Леон» командасымен соңғы ойын өтпей-ақ, ширек финалға мерзімінен бұрын жолдама алды.

Оразалының клубтағы көрсеткіші

Айта кетейік, Ғабидолла Оразалы 2024 жылдан бері «Валенсия» академиясында өнер көрсетіп келеді. Биылғы маусымда ол 15 матчта 12 гол соғып, шабуыл шебіндегі ең нәтижелі ойыншылардың біріне айналды.

Реклама
Реклама