Реклама
Реклама

"Қайрат" Нұрәлі Әліптің командасымен ойнайды

Сарапшы, спорт журналисі
02.03.2026, 21:55

Алматылықтар Санкт-Петербург қаласында "Зенитке" қарсы жолдастық кездесу өткізетінін ресми түрде хабарлады. 

instagram/@f.c.kairat

Матч 28 наурыз, сенбі күні халықаралық үзіліс кезінде, яғни ұлттық құрамалар ойындарына арналған паузада өтеді.

"Қайрат" клубының баспасөз қызметі бұл ойынның екі команда арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ матч командаларға маусымдық қарқынды сақтап, ойын ырғағын жоғалтпауға көмектеседі.

Еске салайық, "Қайрат" биыл УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысып, плей-оффқа өте алмады.

Санкт-Петербургтік клуб сапында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсетеді.

Реклама
Реклама