11 наурызда Қазақстан футбол федерациясының бақылау, тәртіптік және этикалық комитеті (КДЭК) Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымының бірінші турындағы матчтар бойынша бірнеше тәртіптік шешім қабылдады.
“Астана” – “Жетісу” матчы бойынша шешім
Комитеттің шешіміне сәйкес, “Астана” - “Жетісу” ойыны матч басталуының 5 минутқа кешігуіне байланысты қаралды. Кешігуге стадионға келген жедел жәрдем көлігінің чемпионат регламентіндегі талаптарға сай болмауы себеп болған.
Осыған байланысты Қазақстан Премьер-лигасының тәртіптік регламентінің 63-бабы 1-тармағына сәйкес “Астана” футбол клубына 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (259 500 теңге) айыппұл салынды. Клуб бұл соманы 11 сәуірге дейін төлеуі тиіс. Сонымен қатар ,матч барысында жанкүйерлердің дыбыс күшейтетін құрылғы (рупор) қолдануы тәртіп бұзушылық ретінде бағаланып, клубқа ресми ескерту жасалды.
Комитет бірінші турдың басқа ойындары бойынша да бірнеше тәртіптік шара қолданды.
“Ақтөбе” - “Тобыл”
“Қызылжар” - “Каспий”
“Атырау” - “Ұлытау”
Екінші таймның 13 минутқа кеш басталуына байланысты “Атырау” клубына 60 АЕК (259 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.