Реклама
Реклама

Самат Смақов Луиш Наниге ескерту жасады

Сарапшы, спорт журналисі
14.03.2026, 20:58

Португалиялық жұлдыз биыл "Ақтөбе" сапына қосылған болатын. 

Nur.kz

Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны, белгілі бапкер Самат Смақов португалиялық футбол жұлдызы Луиш Нанидің "Ақтөбе" клубына ауысуына қатысты пікірін білдірді.

Смақовтың айтуынша, әлемдік деңгейдегі ойыншылардың Қазақстан чемпионатына келуі әрдайым жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық туғызады.

"Нани сияқты деңгейі жоғары футболшының келуі әрдайым назарда болады. Ол Қазақстан чемпионатына келген алғашқы атақты ойыншы емес. Мысалы, кезінде "Локомотивке" Андрей Тихонов пен Егор Титов келгенде де жанкүйерлер тарапынан үлкен қызығушылық болған", – деді Смақов.

Оның айтуынша, мұндай трансферлер лигаға қосымша назар аудартып, жанкүйерлер санын арттырады.

Фото: sports.kz

Нанидің шеберлігі әлі де жоғары

Самат Смақов Луиш Наниді әлемдік футболдағы тәжірибелі ойыншылардың бірі ретінде бағалады.

"Нани – үлкен кәсіби ойыншы, Еуропа мен әлем футболының жұлдызы. Ол бір жыл ойнамай қалғанымен, оның шеберлігі жоғалып кеткен жоқ. Қазір физикалық бабын қалыпқа келтіріп жатыр", – деді ол.

"Ақтөбе" жанкүйерлері талапшыл

Смақовтың пікірінше, Ақтөбеде футболға деген талап өте жоғары.

"Оны біз бірінші турдағы матчта да көрдік. Нани алаңға шыққан кезде бірден белсенді ойын көрсетті. Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда ол босаң ойнай алмайды. "Ақтөбе" жанкүйерлері оған мүмкіндік бермейді", – деді Смақов.

Реклама
Реклама