"Нағыз цирк". "Ордабасының" ойыны жанкүйерлердің ашуын тудырды

Сарапшы, спорт журналисі
04.04.2026, 22:29

Қазақстан Премьер-Лигасының 4-турында "Ордабасы" — "Атырау" матчынан кейін төрешілік тағы да қызу талқыға түсті. 

Instagram/@fc_atyrau

Төреші қателікке бой алдырды 

Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Бірақ матчтың басты талқыланған сәті нәтиже емес, төрешінің шешімі болды.

Ойынның 82-минутында "Атырау" 1:0 есебімен алда тұрғанда тағы бір гол соқты. Дегенмен бас төреші Санжар Ысқақов VAR жүйесіне жүгініп, голды есепке алмады.

Матч соңына қарай, нақтырақ айтқанда 90+11-минутта төреші "Атырау" қақпасына пенальти белгілеп, оны Эльхан Астанов сәтті орындады. Осылайша матч тең есеппен аяқталды.

Жанкүйерлер төрешілікке шүйлікті

Instagram желісіндегі kzsports парақшасында қазақстандық жанкүйерлер бұл эпизодқа байланысты пікірлерін ашық жазды. Көпшілік төрешінің шешімін түсінбей, қатты сынға алды.

Пікірлер арасында мынадай ойлар айтылды:

  • "Мұндай сатылған төрешіліктен кейін футбол көруге деген ынта жоғалады. Нағыз цирк қой" 
  • "Ысқақовты барлық матчтан шеттету керек" 
  • "Цирк әлі жалғасып жатыр" 
  • "Шымкентте бәрі сатылады" 
  • "Ұят! Бұл — таза гол" 
  • "Шоу бітпейді екен" 
  • "Цирк кетсе де, клоундар қалып қойған" 
  • "Жыл сайын бір сценарийді қайта көріп келеміз" 
Реклама
Реклама
Алдыңғы жаңалық
"Елімай" ҚПЛ-де көш бастады