Футболшы тезірек "Ювентус" сапына қосылғысы келеді.
"Барсаленоның" орталық қорғаушысы Рональд Араухо клубтан тезірек кеткісі келеді. Команданың бас бапкері Ханси Фликпен кездескен ол осылай деген. Тіпті "Реалға" қарсы ойнағысы да келмейтін көрінеді.
Ұсыныс жасап тұрған "Ювентуске" бара бергісі келеді. БАҚ беттерінде ойыншының италиялық клубпен келісімге келгені жазылып жатыр. Алайда трансфер туралы әлі ресми ақпар жоқ.
Уругвайлық футболшы ағымдағы маусымда "Барса" үшін тек матч ойнады. Себебі жарақатын емдеді. Жалпы, оның каталондық клубпен арадағы келісімшартының мерзімі 2026 жылға дейін есептелген.