Криштиану Роналду Сауд Арабиясында тағы бір жылға қалады
14.01.2025, 11:00
Португалия құрамасының шабуылшысы "Әл-Наср" футбол клубымен келісімшартты бір жылға ұзартты.
sb.by
5 ақпанда 40 жасын тойлайтын Роналдудың қазіргі келісімшарты осы маусым аяғында бітеді.
"Әл-Насрмен" жаңа келісім бойынша Криштиану бір жылда 200 миллион еуро еңбекақы алады.
Осылайша, португалиялық футболшы әлем бойынша табысы ең жоғары ойыншы болады. Енді ол аптасына 3,8 миллион еуро алып отырады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама