"Ақтөбе" сербиялық қорғаушымен толықты

Редактор Penalty.kz
23.01.2025, 16:29

27 жастағы сербиялық қорғаушы Неманья Анджелкович ҚПЛ-да өнер көрсетеді. 

news.sportbox.ru

Неманья Анджелькович ресми түрде “Ақтөбемен” келісімшартқа отырды. Сербиялық қорғаушы өз елінің бірқатар клубында өнер көрсетті.

Әзербайжанның “Зиря” ФК, Ресейдің “Акрон”, “Химки” командалары сапында доп тепті. 

“Зиря” қатарында 55 матчқа қатысып, Әзербайжан чемпионатының қола жүлдегері атанды. Әзербайжан кубогының финалында ойнады.

Ал Тольяттидің “Акрон” сапында 30 мачтқа қатысып, бір мәрте гол соқты.