Қазақстан Қысқы Универсиаданы 14 медальмен аяқтады

Редактор Penalty.kz
23.01.2025, 21:31

Туриндегі Қысқы Универсиадада шорт-тректен ерлер командасы қола медаль жеңіп алды.

kazinform.kz

Ел құрамасынан 5000 метр қашықтықтағы эстафеталық жарыста Дінмұхамедалдияр Тәжібай, Санжар Жанысов, Айбек Темірхан мен Валерий Клименко төрттігі мәреге үшінші жетті. 

Бұл XXXII Қысқы Универсиада ойындарында ел құрамасы қоржынына түскен 14-медаль.

Қазақстан құрамасы қоржынында 3 алтын, 4 күміс және 7 қола жүлде.