Әйгілі қорғаушы былтыр мансабын аяқтаған болатын.
Мадридтік "Реалдың" бұрынғы қорғаушысы Пепе корольдік клубқа оралуы мүмкін. Бұған команданың негізгі қорғаушыларының жарақат алуы себеп.
Испан басылымдарының ақпары бойынша португалиялық ардагер тек "Реал" үшін футболға қайта оралуы әбден мүмкін.
Өз кезегінде клуб басшылығы көпжылдық тәжірибесі бар Пепе команданың қорғаныс шебін күшейте алатынына сенімді. Қазір мадридтік команда Антонио Рюдигер, Эдер Милитао мен Давид Алабаның жарақат алуына байланысты ойыншы тапшылығын бастан өткеріп жатыр.
Айта кетейік, 41 жастағы Пепе "Реал" сапында 2007-2017 жылдар аралығы өнер көрсетті. Осы уақытта ол 3 рет Чемпиондар лигасын, 3 мәрте Испания біріншілігін жеңіп алды.
Естеріңізде болса, португалиялық футболшы былтыр тамызда спорттық мансабын аяқтайтынын жариялаған болатын.