Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Әлемге әйгілі Марсело мансабын аяқтады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
06.02.2025, 18:32

Футболшы Іnstagram желісінде арнайы бейнежазба жариялап, алғысын білдірді. 

readfootball.com
Реклама
Реклама

Бразилия құрамасы мен "Реал" клубының бұрынғы қорғаушысы Марсело 36 жасында спорттық мансабын аяқтады. 

"Футболға деген сүйіспеншілігім атамнан берілді. Кәсіби футболшы болғанымды қалады және соған бар күшін салды", - деді әйгілі футболшы. 

Марсело "Реал" сапында 15 жыл (2007-2022 жж) өнер көрсетті. Осы уақытта 546 матч өткізіп, клубтың аңызына айналды. 25 трофейдің иегері соның ішінде Чемпиондар лигасының 5 дүркін жеңімпазы. 

"Реал" – бірегей клуб. Мадридизм – сөзбен жеткізуге келмейтін сезім. Елімнің намысын ең жас кезімнен бастап қорғау – мен үшін үлкен мәртебе. Олимпиаданың екі медалі мен Конфедерация кубогы маған қашан да қымбат", - деді Марсело. 

Бразилиялық қорғаушы "Реалдан" кейін өзінің алғашқы клубы "Флуминенседе" доп тепті. Команданың 3 трофей жеңіп алуына септігін тигізіп, осылайша футболдағы жолын аяқтады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары