Британдық беделді басылым жуырда үздік ойыншылардың рейтингін жариялады.
Британдық беделді FourFourTwo басылымы футбол тарихындағы ең үздік ойыншылардың рейтингін жариялады. Тізімнің көшін Аргентина жұлдызы Лионель Месси бастады.
"Интер Майами" командасының ардагер футболшысы аты аңызға айналған Пеле мен Диего Марадонаны артқа қалдырып, бірінші орынды иеленді. Футбол патшасы екінші, ал аргентиналық даңқты шабуылшы үшінші орыннан көрінді.
Соңғы жиырма жылда Мессидің басты қарсыласы Криштиану Роналду төртінші орынға тұрақтады. Ол тек Мессиден ғана емес, Пеле мен Марадонадан да артта қалды.
FourFourTwo жасаған ТОП-10 тізімі төмендегідей:
1️⃣ Лионель Месси
2️⃣ Пеле
3️⃣ Диего Марадона
4️⃣ Криштиану Роналду
5️⃣ Йохан Кройфф
6️⃣ Роналдо (Бразилия)
7️⃣ Зинедин Зидан
8️⃣ Франц Беккенбауэр
9️⃣ Альфредо Ди Стефано
🔟 Марко ван Бастен
Айта кетерлігі, "Алтын доп" иеленген жалғыз қақпашы Лев Яшин бұл рейтингте 26-орынға жайғасты.