Криштиану Роналду ресейлік клубқа дайындалып жатыр

Редактор Penalty.kz
07.02.2025, 16:40

Бірақ ресейлік командаға қарсы ойнауға кесте кедергі болып тұр. 

gazeta.ru

Сауд Арабиясының алпауыт клубы "Әл-Наср" ресейлік командалармен достық кездесулер өткізуі мүмкін. Бірақ бұл идеяны жүзеге асыруға жарыс кестесіндегі сәйкессіздік кедергі келтіріп отыр.

Клуб өкілінің түсіндірмесі

"Әл-Насрдың" коммерциялық директоры Жорди Дюрантенің бұл мәселеге қатысты пікір мынадай: 

"Біз ресейлік клубтармен жолдастық матч өткізу мүмкіндігін талқыладық, бірақ әртүрлі жарыс кестелері бұл жоспарға қиындық туғызады. Ресейлік командалар қаңтардың басында оқу-жаттығу жиындарын бастайды, ал дәл сол уақытта бізде маусым жалғасып жатады. Егер қолайлы күн табылса, неге өткізбеске?" – деді ол "Матч ТВ" арнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін "Әл-Наср" қорғаушысы Али Ладжами AFC Чемпиондар лигасының матчына Мәскеудің "Динамо" клубының спорттық костюмін киіп көзге түскен еді. 

Реакция көп күттірмеді:

"Динамо" басшылығы Ладжамиге және оның жұлдызды серіктесі Криштиану Роналдуға клубтың фирмалық жейдесін жіберуді шешті. 

Бұл оқиға екі тарап арасындағы қарым-қатынасты нығайтуы мүмкін.

Егер екі жақтың жарыс кестесі сәйкес келсе, Криштиану Роналду ресейлік клубқа қарсы алаңға шығуы әбден мүмкін.