Бразилиялық Рональдо бірге ойнаған үздік футболшыларды атады

Редактор Penalty.kz
15.02.2025, 11:20

"Реал" ойыншысы тіпті "Барселонада" өнер көрсеткен ойыншының шеберлігін де мойындады. 

gp.by

Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Рональдо өзінің мансабында бірге ойнаған ең үздік футболшылардың есімдерін атады. 

"Ең мықты ойыншылар – Роналдиньо Гаушо ұлттық құрамада және Зидан клуб деңгейінде. Зизудың деңгейі өте жоғары болды, ол ерекше, техникалық тұрғыдан өте шебер еді. Ол бәрін қарапайым, бірақ тамаша орындайтын", – деп келтіреді Marca Рональдоның сөзін.

Рональдо өзінің мансабында "Крузейро", ПСВ, "Барселона", "Интер", "Реал", "Милан" және "Коринтианс" клубтарында өнер көрсетті.

Кәсіби мансабында ол 735 матч өткізіп, 512 гол соқты.